Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.
«Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі, қасиетті құрбан айт баршамызға құтты болсын! Құрбан айт күні құрбандық шалып, оның етінен мұқтаждарға тарату, жақындарды зиярат етіп, айт күнімен құттықтау, балаларға айттық сыйлық беру, ата-бабаларымыздың игі дәстүрі.
Кеше арапа күні болып, қажылық сапарындағы жерлестеріміз Арапат тауының маңыңда дұға жасап, Мұздалифада түнеді. Қажылыққа бармаған жандар нәпіл ораза ұстап, бүгінгі құрбан айтқа дайындалдық. Бүгін мінекей таң сәріде құрбан айт намазын оқу ниетімен мешітке жиналып отырмыз. Жалпы бұл күндерде Алла Тағаланы ұлықтау, тиісті діни рәсімдерді орындау – пенденің тақуалығының белгісі. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 32-аятында: «Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан», – деген.
«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындық» деген мағыналарды білдіреді. Демек, Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, мұсылман баласы жаратқан Иесіне жақындап, күнәларының кешірілуіне, үлкен сауапқа кенелуіне мүмкіндік алады», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айт намазынан кейін Бас мүфти еліміздің тыныштығы мен болашағы үшін дұға жасап, ата-бабалар рухына Құран аяттарын бағыштады.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.05.2026
286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру