Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы мал базарларын аралап, Құрбан айт қарсаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты.
Бас мүфти базардағы сатушылармен және шаруалармен жүздесіп, халыққа сапалы әрі адал қызмет көрсетудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар қасиетті мереке күндері мал бағасын негізсіз қымбаттатпай, әділдік пен шариғат қағидаларын ұстануға шақырды.
Сондай-ақ ҚМДБ тарапынан құрбан шалу рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатқаны, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы орындар мен онлайн форматтағы қызметтердің ұйымдастырылғаны атап өтілді.
Айта кетсек, биыл да тұрғындар qurban.muftyat.kz сайты арқылы онлайн құрбан шалуға тапсырыс бере алады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
25.05.2026
373
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру