Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 23.04.2026 292 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында өтіп жатқан IX Халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесін аралады.

Орталық Азиядағы ең ірі мәдени-ағартушылық іс-шаралардың бірі саналатын халықаралық көрме аясында Бас мүфти отандық және шетелдік баспалардың өнімдерімен танысып, бірқатар рухани-танымдық еңбектерді сатып алды.

Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зейін» оқырмандар клубының белсенді мүшелерімен жүздесіп, оларға кітап табыстады. Кездесу барысында кітап оқудың маңызы, рухани кемелдену жолындағы білімнің рөлі жөнінде тағылымды пікірлер айтылды.

Бас мүфти өз сөзінде кітап – адамды ізгілікке бастайтын, ой-өрісті кеңейтетін негізгі құрал екенін атап өтіп, жастарды жүйелі түрде кітап оқуға шақырды.

Айта кетейік, «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында кітап таныстырылымдары, авторлармен кездесулер және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, көрме өз жұмысын жалғастыруда.















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру