Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ МҰРАЖАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 23.04.2026 211 0 пікір
ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ  МҰРАЖАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы ғимаратында орналасқан мұражайдың жұмысымен танысты.

Іс-шара барысында делегация мүшелеріне Президенттік орталықтың негізгі қызмет бағыттары, тарихи-мәдени маңызы зор жәдігерлер қоры, сондай-ақ ел тарихын айшықтайтын құжаттар мен экспозициялар кеңінен таныстырылды. Мұражай қызметкерлері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы және ел дамуының негізгі кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Бас мүфти бастаған делегация мұражайдағы сирек кездесетін тарихи құжаттармен, архивтік материалдармен және заманауи мультимедиялық көрмелермен танысып, олардың мазмұны мен тағылымдық мәніне жоғары баға берді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру бағытындағы мұндай мәдени ошақтардың қоғам үшін маңызы ерекше екені атап өтілді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру