Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте жұма намазын жүргізді.
Бас мүфти күндердің сұлтаны жұмада мешітке жиналған жамағатқа «Уақыт – ең қымбат қазына» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Уақыт – Алла Тағаланың адамзатқа берген үлкен нығметі. Өміріміз уақыттан тұратынын ескерсек, адам өзінің әр сәтін босқа жібермей, пайдалы етіп өткізуі аса маңызды. Қасиетті Құранның «Муминун» сүресі, 99-аятында дүниеден өтетін жанның: «Раббым мені (дүниеге қайтадан) қайтара көр! Бәлкім мен қалдырған дүниемде жақсылық амалдар істермін!» –– деп, өмірдегі уақытын ізгі амалдарға жұмсай алмағаны жайында өкінетіні баяндалған.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп насихат айтқан: «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсені бағала: – Қарттық келмей тұрып жастық шақтың қадірін біл, – Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, – Кедейленбей тұрып байлықтың қадірін біл, – Шұғылданбай тұрып бос уақыттың қадірін біл, – Ажал келмей тұрып өмірдің қадірін біл!» – деген (имам Хаким)»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
03.04.2026
892
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру