Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана жастары «Тәубе» көркем фильмін тамашалады

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 04.02.2026 615 0 пікір
Астана жастары «Тәубе» көркем фильмін тамашалады

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен елорда жастары отандық «Тәубе» көркем фильмін тамашалады.

Рухани-танымдық бағыттағы іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай, Астана қаласы Жастар ісі секторының жауапты маманы Рахымжан Жолдас, сондай-ақ елорда мешіттерінің белсенді жастары мен жамағат шәкірттері қатысты.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани дүниетанымын кеңейту, имани құндылықтарды насихаттау және отандық киноөнер арқылы тәлім-тәрбиелік мазмұндағы ой қалыптастыру.

«Тәубе» көркем фильмі адам баласын әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға, тәкаппарлық пен менмендіктен арылып, ар-ұждан алдында есеп беруге үндейді. Туындыда отбасы құндылығы, шынайы тәубенің мәні мен рухани тазаланудың маңыздылығы терең қамтылып, көрерменге «адам үшін ең ауыр сот – өз ар-ожданы» екені әсерлі түрде жеткізіледі.

Фильм соңында жастар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар көркем туындыдан алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шара жастардың рухани тәрбиесіне оң ықпал етіп, ізгі ой мен дұрыс шешім қабылдауға жетелейтін тағылымды басқосу болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру