ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланып, 2026 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді. Осыған орай Жетісу облысы орталығында өңірдің бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының қатысуымен алқалы жиын өтті.
Басқосуға қала және аудан мешіттерінің барлық имамдары жиналды. Жиында облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында айқындалған міндеттер мен тапсырмаларды жан-жақты таныстырып, оларды өңірде жүзеге асыру тетіктеріне нақты тоқталды.
Атап айтқанда, 2026 жылы негізгі төрт бағытқа — ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берілетіні айтылды. Осы бағыттар аясында өңір бойынша жүйелі әрі мазмұнды іс-шараларды тұрақты түрде өткізу міндеттелді.
Жиын соңында өткен жылы белсенді қызмет атқарған бірқатар имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаттарымен марапатталды.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
21.01.2026
1994
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру