Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Имамдардың алғашқы жиын өтті

БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.01.2026 1472 0 пікір
БҚО: Имамдардың алғашқы жиын өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланып, 2026 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы орталығында өңірдің бас имамы Самат Қанатқалиұлының қатысуымен алқалы жиын өтті.

Басқосуға барлық қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты. Жиында облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында айқындалған міндеттер мен тапсырмаларды кеңінен таныстырып, оларды өңірде жүзеге асыру жолдарын нақтылап өтті.

Атап айтқанда, 2026 жылы негізгі төрт бағытқа — ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берілетіні айтылды. Осы бағыттар аясында өңір бойынша жүйелі әрі мазмұнды іс-шараларды тұрақты түрде өткізу тапсырылды.

Жиын соңында өткен жылы белсенді қызмет атқарған бірқатар имамдар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру