Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ РӘТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫН ЗИЯРАТ ЕТІП, МАРАПАТ ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 12.01.2026 4087 0 пікір
БАС МҮФТИ РӘТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫН ЗИЯРАТ ЕТІП, МАРАПАТ ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылған күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлын арнайы зиярат етті.

Кездесу барысында Бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлының ел руханияты мен діни қызметтің қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ атаулы күнге орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ислам дінінің дәріптелуіне, діни білім мен ғылымның дамуына ерекше үлес қосқан тұлғаларға берілетін ҚМДБ-ның ең жоғары наградаларының бірі – «Шарапат» орденімен Рәтбек қажы Нысанбайұлын арнайы марапаттап, құрмет көрсетті.

Өз кезегінде Рәтбек қажы Нысанбайұлы көрсетілген ықыласқа алғыс айтып, діни басқарма ұжымына ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 36 жыл толып отыр.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру