Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

17 Қыркүйек 2026

5 Рабиғул ахир 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ИМАМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.12.2025 3056 0 пікір
І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ИМАМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысының жеребе тарту рәсімі өтті.

Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған додаға еліміздің өңірлерінен іріктеуден өткен 20 имам қатысуда. Қатысушылар діни білім, уағыз айту шеберлігі, жамағатпен жұмыс істеу тәжірибесі, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын жеткізу бағыттары бойынша сайысқа түседі.

Шараның мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру