Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.11.2025 1416 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында Тараз қаласында Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару комитетінің №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға насихат айтты.

«Қателік жасау – адам табиғатына тән құбылыс. Пенде: «Мен қателік жасадым, енді болашағым жоқ» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет. Үміт етудің бір ғана жолы бар. Ол – Алла Тағалаға шынайы түрде иман келтіріп, қателікті қайталамауға бекініп, келешекке сеніммен қарау.

Әлемдерді Жаратқан Алланың пендесіне әрдайым рақымы мол. Адам баласы қандай күнәға жолықса да Алла Тағала кешірімінің ерекше мол екендігін білдірген. Пенде оған сену керек және екінші рет қателік жасамауға уәде беруі тиіс. Қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 56-аятында: «... Үрей мен үміт арасында Аллаға жалбарыныңдар! Шын мәнінде, Алланың рақымы жақсыларға жақын» делінген. Алла Тағала бұл сынақтан лайықты түрде өтіп, отбасыларыңызға аман-есен жетулеріңізге тілектеспін» деді Бас мүфти.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру