Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.11.2025 1403 0 пікір
БАС МҮФТИ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында Тараз қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында болып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Орталықта тәрбиеленіп жатқан балалар Бас мүфтиге өз өнерлерін паш етті. Игі кездесуде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мемлекетіміз еліміздегі барлық балалардың толыққанды білім мен дұрыс тәлім алуына жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асырып келеді. Сіздер ертең-ақ бір-бір саланың мықты маманы ретінде еліміздің дамуына үлес қосасыздар деп сенемін. Ол үшін жақсы білім алып, адамгершілік құндылықтарды сіңіру керек. Әрқашан бір-біріңізге қамқор, жанашыр болыңыздар. Алла Тағала болашақтарыңызды жарқын етсін. Әумин», – деп батасын берді.

Айта кетсек, балаларды қолдау орталығына мүфтият атынан қажетті тұрмыстық техникалар мен жиһаздар беріліп, бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру