Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Діни оқу-ағарту бағыты аясында «Мыңнан тұлпар» білім сайысы өткізілді.
Іс-шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов және елорда имамдары мен мешіт жамағаты қатысты.
Байқауға қалалық мешіттерден іріктелген командалар қатысып, діни, тарихи және дәстүр тақырыптарында білімдерін сынады. Қатысушыларға сұрақтар алдын ала дайындалған форматта экран арқылы ұсынылды, командалар белгіленген уақыт ішінде нақты жауап беруге ұмтылды.
Сайыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы сыйлықтармен және марапаттармен марапатталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.11.2025
825
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру