Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңірдегі бірқатар мәдени, рухани және спорттық нысандарды аралады.
Алдымен Бас мүфти «Анаға тағзым» орталығына барып, қазақ халқының отбасы құндылықтарын насихаттайтын экспозициялармен танысты. Сондай-ақ ананы құрметтеу мен ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі жөнінде пікір білдірді. Орталық басшысы Алтынай Молжанова орталықтың жастарға бағытталған жұмыстары туралы ақпарат берді.
Сапар «Қайсар Арена» стадионында жалғасты. ҚМДБ Төрағасы жаңа спорттық инфрақұрылымның жұмысымен танысып, жастарды спортқа баулуға бағытталған жобалар туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтан мәлімет алды. Бас мүфти дені сау, елжанды ұрпақ тәрбиелеудің маңызын атап өтті.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.11.2025
2214
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру