Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде бесін уағызын айтты.
«Қызылорда – тек жері құнарлы өңір ғана емес, рухани өмірі бай, жүрегі кең халықтың мекені. Бұл аймақ ғасырлар бойы қазақтың рухани дүниесін қалыптастырған қаншама тұлғаларды дүниеге әкелді. Алаштың алыптары да, елін ұйыстырған билер де, жүректерге иман нұрын сепкен ишандар мен ахундар да осы қасиетті Сыр топырағынан шықты. Мұндай өңірге руханият туралы сөз айтылса, оның жүрекке жетпей қалуы мүмкін емес. Бұл – ихсанның дәл өзі. Өйткені ихсан дегеніміз – көркем мінезбен, ізгі амалмен Алланың разылығын іздеу. Біз ата-бабамыздан қалған осы рухани байлықты жалғастыруға міндеттіміз»,-деді Бас мүфти.
Уағыздан кейін ҚМДБ Төрағасы Сыр жамағатымен бірге бесін намазын оқып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.11.2025
1389
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру