Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.11.2025 1863 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңірдің рухани өміріне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар дін қызметкерлерін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.

Бұл марапат – Діни басқарманың құрылғанына 35 жыл толуына орай ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтып, ислам құндылықтарын кеңінен насихаттап, қоғамның рухани-имани дамуына белсенді атсалысып келе жатқан қызметкерлердің қажырлы еңбегіне берілген лайықты құрмет.

Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти марапат иелерін арнайы құттықтап, олардың өңірдегі рухани тұрақтылықты сақтаудағы, жастарды имандылыққа тәрбиелеудегі, жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізудегі еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін атап өтіп, елдің бірлігі мен берекесін арттыру жолындағы игі істеріне табыс тіледі.

Айта кетейік марапатталған қызметкерлердің еңбек өтілі 20-34 жыл аралығында.
































Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру