Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 869-БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.11.2025 1513 0 пікір
ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 869-БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында көпбалалы, жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және өңір имамдарының ұйытқы болуымен республика бойынша 869-шы баспана табысталып отыр. Бүгінде елімізде 900-ге жуық мұқтаж отбасы аталған жоба аясында баспаналы болды.

Өз кезегінде жаңа пәтер иесі «Ел үлесі – пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға және қайырымдылық акциясына үлес қосқан барша жамағатқа ризашылығын білдірді.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру