Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан тарихи «Айтбай» мешітінің 150 жылдық тарихына арналған тың деректер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мешіт тарихына қатысты отандық және шетелдік мұрағаттардан алынған құнды құжаттар мен сирек қолжазбалар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – өңір тарихындағы маңызды діни-рухани мұраны таныту, сондай-ақ тарихи құжаттар арқылы «Айтбай» мешітінің қалыптасу кезеңдерін жан-жақты көрсету болды.
Шара барысында архив мамандары мен тарихшылар жиналған материалдардың құндылығын атап өтіп, мешіттің Сыр өңіріндегі ислам мәдениетінің дамуына қосқан үлесі жөнінде ақпарат берді. Көрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы дайындалған экскурсиялық бағыттар арқылы таныстырылды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
19.11.2025
1420
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру