Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 12 АДАМНЫҢ ҚАЗА БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЙҒЫРА КӨҢІЛ АЙТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.11.2025 3117 0 пікір
ҚМДБ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 12 АДАМНЫҢ ҚАЗА БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЙҒЫРА КӨҢІЛ АЙТАДЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында өрт салдарынан 12 адамның қаза тапқаны туралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы терең күйзеліспен қабылдады. Қаза болған азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

Алла Тағала Қасиетті Құранда:
«Әр қиындықтан кейін, сөзсіз жеңілдік бар» («Шарх» сүресі, 6 аят) – деп жұбатады.

Осындай қиын сәтте Алла Тағала сабыр беріп, марқұмдардың жандарын рақымына бөлесін. Жарақат алған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз.

Өңірдегі мешіттерде марқұмдардың рухына Құран бағышталып, отбасыларына рухани қолдау көрсетіледі.

Алла Тағала халқымызды түрлі апаттар мен сынақтардан сақтасын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру