Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ орталық аппарат қызметкерлерінің жиыны өтті.
Жиында Бас мүфти ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD докторы Батыржан Берденұлы Мансұровтың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын хабарлап, құрмет көрсетті.
«Батыржан Берденұлы ұзақ жылдар бойы халқымыздың имани тәрбиесіне қызмет етіп, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруде, ислами құндылықтарды насихаттауда қажырлы еңбек сіңіріп келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген мұндай мәртебе бізге одан да жауапты болуды, елге адал қызмет етуді міндеттейді. Алла Тағала еңбегін жемісті етіп, абыройын арттырғай», – деді Бас мүфти.
Сонымен қатар, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият ұжымына бірлікте қызмет атқарудың маңызына тоқталып, осындай жетістіктер – ортақ еңбектің нәтижесі екенін жеткізді.
Жиын соңында Бас мүфти марапат иесіне шығармашылық табыс, амандық және дін жолындағы қызметіне береке тіледі.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
06.11.2025
2515
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру