Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Астана» медресе-колледжінің ұлдар бөліміне арнайы барып, шәкірттерге «Нәпсімен күресудің жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.
«Нәпсімен күресу, оны тәрбиелеу – адам баласының екі дүниеде бақытты не бақытсыз болуын айқындайтын негізгі себептердің бірі. Сондықтан, нәпсімен күресу – дінімізде үлкен жиһад деп танылады. Ислам тарихында орын алған «Тәбук» шайқасынан кейін, сахабалар сусыз шөл далада шаршап-шалдығып, қарындары аш күйде кері қайтып бара жатқанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа (нәпсімен күресуге) оралдық», – деп айтқан. Қасиетті Құранда нәпсіге қатысты бірнеше аятта баян етеді:
«Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды», – деген («Шәмс» сүресі, 9, 10-аяттар)»,- деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы медресе-колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздар мен студенттерді алда келе жатқан Республика күнімен құттықтап, білім жолында талапты болуға тілектестік білдірді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.10.2025
1846
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру