Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚАРИЛАР ТОЛЫҚ КЕЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.10.2025 2693 0 пікір
ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚАРИЛАР ТОЛЫҚ КЕЛДІ

Астана қаласында өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысына қатысушы қарилар елордаға толық келіп жетті.

15–16 қазан күндері Республикалық Бас мешітте өтетін халықаралық жарысқа 20-дан астам мемлекет қарилары қатысады. Олардың қатарында Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Бахрейн, Катар, Ресей Федерациясы және басқа да елдердің өкілдері бар.

ҚМДБ жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы қонақтарды әуежайдан қарсы алу шарасын ұйымдастырып, төрешілер мен қатысушылардың келуін үйлестіруде.

Айта кетейік, ІІ Халықаралық Құран жарысы ұлттық мереке - Республика күні және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/ssigiArbBvs  











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру