Елорданың төрінде өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысында Қазақстанның намысын екі үздік қари – Шохан Уәлиев пен Яхия Құрбан қорғайды.
Шохан Уәлиев (29 жаста) – Құранның он қырағатын толық меңгерген тәжірибелі қари. Ол бұған дейін Малайзия, Бахрейн, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлемдік Құран жарыстарына қатысқан. 2015 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен халықаралық сайыста әлемнің үздік он қаридың қатарына енсе, 2016 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Құран жарысында екінші орын иеленген.
Яхия Құрбан (27 жаста) қасиетті Құранды 2009 жылы Мысырдың Каир қаласында толық жаттап тәмамдаған. Қазіргі таңда оның төрт қырағаттан (сегіз риуаяттан) ижазасы бар. Яхия қари бұған дейін Индонезия, Мысыр, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері елдерінде өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындар иеленген. Сондай-ақ, ол еліміздегі республикалық Құран жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.10.2025
4242
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру