Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА 1 КҮН ҚАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.10.2025 1798 0 пікір
ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА 1 КҮН ҚАЛДЫ

Ертең елордада ІІ Халықаралық Құран жарысы басталады. Халықаралық жарыс Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда.

Байқауға 20-дан астам мемлекеттен келген үздік қарилар қатысады. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің өкілдері бар.

Жарыс 15–16 қазан күндері Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте өтеді және мүфтияттың төл арнасы «Munara TV» мен «Мүфтият ҚМДБ» YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру