Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.10.2025 2099 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Астана қаласында өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жарыс өтетін Республикалық Бас мешітке арнайы барып, ұйымдастыру барысын тексерді.

Бас мүфти жарыс алаңының безендірілуі мен техникалық жүйелердің дайындығына назар аударып, барлық істің жоғары деңгейде, мұсылман үмбетіне лайық беделмен өтуі қажет екендігін атап өтті.

«Бұл – Алла сөзін ұлықтайтын, рухани мәні зор халықаралық шара. Барлық жұмыс сапалы атқарылуы тиіс», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, 15–16 қазан күндері өтетін байқауға 20-дан астам елдің үздік қарилары қатысады. Құран жарысын «Munara TV» телерарнасынан, «Мүфтият ҚМДБ» YouTube арнасы және ҚМДБ-ның ресми парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру