Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу облысына жұмыс сапары аясында бабалар кесенесіне зиярат жасады.
Бас мүфти Жетісу өңірінің әйгілі билері әрі батырлығымен есімі елге мәлім әулие тұлғалар - Ескелді би, Балпық би және Жолбарыс бидің рухына Құран аяттарын бағыштады. Оларға Алла Тағаладан жарылқау мен ұрпақтарына амандық тіледі.
Айта кетейік, Ескелді би Жылкелдіұлы, Балпық би Деріпсалұлы мен Жолбарыс би Жылқыайдарұлы – бір заманда өмір сүрген, Абылай хан кезеңінде елді қорғап, жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған қазақ батырлары. Ел ішіндегі даулы мәселелерді шешіп, халықты бітімге шақырғаны себепті үшеуі де би атанған. Кесенелері Жетісу облысының Қаратал ауданында орналасқан.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
04.10.2025
1513
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру