Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 1 қазан – Қарттар күніне орай республика көлемінде ардагерлерге құрмет көрсетіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Астана қаласындағы қарттар үйінде өткен арнайы кездесуде Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев әлеуметтік мекемеге тұрмысқа қажетті заттарды табыстап, қарияларға ізгі тілегін жеткізді. Бұл – аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың нақты көрінісі.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріндегі өкілдіктер де қарттарға арнайы барып, азық-түлік себеттерін үлестіріп, қаржылай қолдау көрсетті. Ардагерлердің жағдайын біліп, ақ батасын алды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры алдағы уақытта да қарияларды құрметтеу мен қайырымдылық мәдениетін кеңінен насихаттай бермек.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
03.10.2025
1372
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру