ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының мамандары Қарағанды және Ұлытау облыстарына арнайы іссапармен барып, Жәйрем, Қаражал және Жаңаарқа аудандарындағы шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті.
Жиын барысында зекеттің мән-мағынасы, төрт түлік малдан берілетін зекет және егін-шаруашылық өнімдерінен берілетін ұшыр жайлы жан-жақты түсіндірме берілді.
Айта кетсек, зекет – мал-мүліктің тазаруы мен берекесінің кепілі. Шариғат үкімінде қой, ешкі, сиыр, жылқы және түйе секілді төрт түлік мал нисаб мөлшеріне жеткен жағдайда зекет беріледі. Ал ұшыр – егін және бау-бақша өнімдерінен берілетін зекет түрі. Оның мөлшері суару көзіне қарай 5% немесе 10% болып есептеледі.
Шара барысында шаруалар тарапынан қойылған сауалдарға нақты, шариғи жауаптар беріліп, зекетті есептеу жолдары да түсіндірілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
29.09.2025
1571
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру