Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында бүгін, қасиетті жұмада ашылған «Шопан ата» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Алла Тағала «Бақара» сүресінің 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» деп ескерткен. Мінеки, Алла Тағала қасиетті бұл аятта сыбайлас жемқорлыққа тыйым салып тұрғандығын анық көреміз.
Тәпсір дереккөздерінде Абдулла Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз пара берушіні де, пара алушыны да лағнеттеген», – деген. Бұл хадисте параны талап ету, оны беру, параға дәнекер болу күнә екені меңзеледі. Алла Тағала баршамызды мұндай жаман істерден аман еткей» деді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.09.2025
2023
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру