Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында аймақтағы бірқатар дін қызметкеріне демеушілердің көмегімен салынған қызметтік пәтер кілтін табыстады.
Жаңаөзен қаласының мешіт қызметкерлеріне баспана кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти: «Мүфтият өз қарамағындағы дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда имамдарды тұрақты жалақымен қамтамасыз ету мәселесін кезең кезеңімен шешіп келе жатқанымызды жақсы білесіздер. Ендігі мақсат – еліміз бен жерімізге қызмет етіп, дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеуде ыждағатты болу» деп атап өтті.
Айта кетейік, дін қызметкерлеріне арналған тұрғын үй кешенін жергілікті кәсіпкер, дін жанашыры Ықтияр Жолдасұлы салып берген.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.09.2025
1212
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру