Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында тағылымды кездесу өтті

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 25.09.2025 1060 0 пікір
Алматы облысында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында тағылымды кездесу өтті

Алматы облысында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Бас мүфти кеңесшісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, жамағатқа өнегелі насихат айтты.

Жиын барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасы мүшелеріне жасаған мейірімі, әйеліне, балаларына көрсеткен ізеті кеңінен баяндалды. Сондай-ақ жас отбасылардың міндеттері мен ата-бабамыз қалыптастырған отбасы институтының құндылығы да жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды жауап алып, игі бастаманың жалғасын табуына тілектестік білдірді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру