ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы профессор, доктор Сафи Арпагуш мырзаны Түркия Дін істері басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
«Сізді Түркия Дін істері басқармасының төрағасы болып тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сауапты да жауапты қызметіңізге береке мен сәттілік тілеймін. Ислам құндылықтарын барша халыққа насихаттау, әлемдегі мұсылман үмбетінің рухани бірлігін арттыру, қоғамдық келісім мен татулықты нығайту бағытындағы бастамаларыңыз нәтижелі болғай.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі ретінде бауырлас қазақ пен түрік халықтары арасындағы діни-рухани байланыстарды одан әрі нығайтып, ортақ мұраттарымызды жүзеге асыруға әрдайым дайын екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасы аясында ортақ жобаларымызды бірлесе жүзеге асыра береміз деп санаймын. Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы әлем мұсылмандарының бірлігі мен татулығының жарқын үлгісі бола береді деп сенемін.
Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жаңа қызметіңізге береке нәсіп етсін. Әумин!» делінген Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хатында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
23.09.2025
1833
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру