Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының диқаншылары ұшыр зекетін берді

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 23.09.2025 1671 0 пікір
Алматы облысының диқаншылары ұшыр зекетін берді

Алматы облысы, Алатау қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы жергілікті диқандармен кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – егін өнімінен берілетін ұшыр зекетінің мәнін түсіндіріп, қайырымдылыққа үндеу болды.

Кездесу барысында диқандар жиналған өнімдерінің бір бөлігін мұқтаж жандарға арнады. Нәтижесінде 1,74 тоннаға жуық жеміс-жидек пен көкөніс жиналды. Атап айтқанда: картоп – 600 кг, сәбіз – 180 кг, пияз – 150 кг, алма – 80 кг, асқабақ – 180 кг, қырыққабат – 120 кг, қызанақ – 80 кг, бұрыш – 100 кг, қарбыз – 150 кг, қауын – 100 кг.

Жиналған барлық өнім Алматы облысындағы Үшқоңыр медресе-колледжіне табыс етіліп, студенттердің асханасына пайдалануға берілді.

Бұл игі іс ұшыр зекетінің рухани мәнін насихаттап қана қоймай, қоғамдағы өзара қамқорлық пен бірлікті арттыруға үлес қосты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру