Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай облысында 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 22.09.2025 870 0 пікір
Абай облысында 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

ҚМДБ Абай облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры Мәуліт айының құрметіне орай «Тайқазан» жобасы аясында өңірдегі 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Игі шара барысында аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға алты килограммнан ет үлестірілді. Көмек алған жандар ризашылықтарын білдіріп, қайырымдылыққа атсалысқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Қасиетті Мәуліт айында жүзеге асқан «Тайқазан» жобасына қолдау білдірген демеуші кәсіпкер азаматқа Абай облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Рашид Жамалбекұлы өз алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру