Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бесінші рет ұйымдастырылған халықаралық «HALAL EXPO-2025» көрмесі Алматы қаласында өз мәресіне жетті.
Ауқымды шараға шетелдік және отандық 100-ге жуық кәсіпорын қатысып, екі күн ішінде 20 мыңнан астам келуші халал өнімдермен танысып, сауда жасады.
Көрме аясында тұтынушыларға 9 тонна сүт өнімдері, 5 тонна ет өнімдері, 4 тонна құс еті, 8 тоннадай кондитерлік өнімдер, 5 тоннаға жуық шұжық өнімдері, 3 тоннадан астам жартылай фабрикаттар, 4 тоннаға жуық сусындар (кофе, шай, сироптар), 2 тоннаға жуық емдік-профилактикалық өнімдер және 1 тоннадан астам фаст-фуд өнімдері ұсынылды.
Сонымен бірге, халықаралық әріптестік байланыстар нығайып, кәсіпорындар арасында келісімшарттарға қол қойылды. Арнайы марапаттау рәсімінде «Үздік халал кәсіпорын», «Үздік маман» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Халал Даму» орталығы
muftyat.kz
22.09.2025
1454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру