Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жаңа мешіт ашылды

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі islam-oral.kz 22.09.2025 940 0 пікір
БҚО: Жаңа мешіт ашылды

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Игі шараға облыстың Бас имамы Самат Қанатқалиұлы қатысып, жамағатқа құттықтау сөзін арнады. Ол мешіттің ел ішіндегі ынтымақ пен имандылықты арттырудағы маңыздылығына тоқталып, жамағатты бірлікке, сабырлыққа және дін құндылықтарын ұлықтауға шақырды.

Сондай-ақ, мешіттің құрылысына қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді. Әсіресе, мешіттің құрылысын бастап, аяқтағанға дейін жауапкершілікті өз мойнына алып, қомақты қаражат бөлген «Жарас» шаруа қожалығының иесі Мейірболат Тасмағанбетовке ерекше алғыс білдірді.

Жаңа мешіттің ашылуы жергілікті жамағат үшін үлкен қуаныш болды. Құлшылық ордасы – елдің имандылыққа бет бұруына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына ықпал ететін рухани орталық болмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру