Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай ерекше рухани шара ұйымдастырылды. Дін қызметкерлері арасында білім мен ізденісті ұштастырған интеллектуалды сайыс өтті.
Сайыс барысында қатысушылар Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен, хадистер мен ислам тарихынан сұрақтарға жауап берді. Әрбір жауап Алла Елшісіне деген сүйіспеншіліктің әрі имандылыққа деген құштарлықтың көрінісін айшықтады.
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында жиналған жамағат бір-біріне игі тілектерін білдіріп, Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы кеңінен насихатталды. Имамдар жастарды ізгілік пен білім жолында табанды болуға шақырды.
Бұл кеш жамағат үшін тек білім сайысы ғана емес, жүректерді жақындатқан, рухани бірлік пен сүйіспеншілікке жетелеген мерейлі басқосу болды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
19.09.2025
1024
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру