Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕН ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДІНИ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.09.2025 1566 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕН ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДІНИ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыптың орынбасары, профессор, доктор Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни Ислам әлемінің көрнекті ғұламасы, шейх Ахмет Тайыптың «Ислам дініндегі негізгі ұстанымдар» атты еңбегінің тұсаукесеріне қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кітаптың маңызына тоқталып:
«Бұл еңбекте сенім, құлшылық және көркем мінез қағидалары жүйелі түрде түсіндірілген. Ол дін қызметкерлері үшін уағыз-насихат пен діни оңалту бағытындағы маңызды құрал болмақ. Сонымен қатар, медресе шәкірттері мен жастардың имандылығын арттыруға, рухани дүниесін байытуға септігін тигізеді деп сенеміз», – деді.

Іс-шараға әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыптың орынбасары, профессор, доктор Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни, Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абдельсалам, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Мұсылман ақсақалдар кеңесі Орталық Азия кеңсесінің бас үйлестірушісі Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ ҚМДБ Ақсақалдар кеңесі мүшесі Жабал Ерғалиев пен Діни басқарма өкілдері қатысты.

Бұл туынды ислам ғылымының тереңдігін айқындап көрсететін рухани тәрбие құралы ретінде бағаланады.














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру