Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.08.2025 3116 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің жаңадан тағайындалған Дін істері жөніндегі кеңесшісі Юсуф Аккуш мырзаны қабылдады.

Кездесуде екі ел арасындағы тарихи әрі бауырластық байланыстар, дін саласындағы өзара тәжірибе алмасу, діни оқу орындарындағы шәкірттердің жағдайы және алдағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қош келдіңіздер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Түркиямен арадағы бауырластық қарым-қатынасымыз аясында көптеген ортақ жобалар жүзеге асты. Бұл – екі ел арасындағы ынтымақ пен бірліктің айқын белгісі. Біз осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруға дайынбыз. Хасеки институтында жыл сайын қазақстандық шәкірттер білім алып, елге оралған соң өңірлерде абыройлы қызмет атқарып жүр. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе жалғастыра береміз», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Юсуф Аккуш мырза жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, алдағы кезеңде екіжақты байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім артты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру