Зекет қоры және Астана қаласының өкілдігі жаңа оқу жылы қарсаңында игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасы Республикалық Бас мешітте, «Ар-Рахман» мешітінде және Zeket Hub орталығында өтті. Акция аясында көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың және оңалту орталықтарындағы балалардың қуанышы еселеніп, оларға нақты көмек көрсетілді.
Шараның басты мақсаты — білім жолына қадам басқан әр балаға қуаныш сыйлап, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Осыған орай балаларға жаңа оқу жылына арналған сөмкелер мен кеңсе тауарлары табысталды.
Бұл — тек материалдық қолдау емес, сонымен қатар балаларға үміт, шабыт және қамқорлық сыйлау.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
27.08.2025
1364
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру