Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа Қазақстанға ресми сапармен келді.
Алматы халықаралық әуежайынан мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы күтіп алды.
Сапар барысында тараптар қажылық және умра саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және ұйымдастыру мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар министр ҚМДБ басшылығымен және мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесіп, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары бойынша келіссөздер өткізеді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
23.08.2025
3120
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру