Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды өңірінде жаңадан ашылған Осакаровка аудандық мешітінде уағыз айтып, жұма намазын оқыды.
«Жат діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы Ислам дінін ұлттық болмысымен үйлестіріп, асыл қазына ретінде ұрпақтан ұрпаққа аманаттап жеткізді. Олар шариғи үкімдерде – Ханафи мәзһабын, сенім мәселелерінде – Матуриди ақидасын берік ұстанды. Бұл қос негіз халқымыздың рухани өзегіне айналып, ұрпақты сабырға, байыптылыққа, асыл дінімізді құрметтеуге және оны терең түсінуге тәрбиеледі», - деді.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
15.08.2025
2484
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру