Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Qamqor-Sharapat орталығы онлайн жиын өткізді

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.08.2025 1753 0 пікір
Qamqor-Sharapat орталығы онлайн жиын өткізді

ҚМДБ жанындағы «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жыл басынан бергі өңірлердегі жұмысы бойынша онлайн жиын өтті.

Жиынға наиб мүфти Ермек Қасболатұлы, орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, облыстардың бас имамдары және жауапты мамандар қатысты. Кездесу барысында салттық қызмет сапасын арттыру, бірізділік қағидатын сақтау, зират мәдениетін қалыптастыру және қызмет аясын кеңейту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, филиалдардың материалдық-техникалық базасын күшейту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру