«Зекет және қайырымдылық» қоры «Мамандықтар мектебі» әлеуметтік жобасы аясында Астана қаласына іргелес Пригород елдімекенінде ашылған оқу орталығында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге мүмкіндік жасады.
Қысқа мерзімді ағылшын тілі курсында білім алған оқушыларға Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы сертификаттар мен Zeket Hub орталығында әзірленген Zeket-ai сөмкелерін табыстады.
Еске сала кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қоры бұл оқу орталығын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасылардың балаларына арналған игі бастама ретінде ашқан болатын.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
11.08.2025
1252
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру