Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти халықаралық онлайн-конференцияға қатысты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.08.2025 1812 0 пікір
Наиб мүфти халықаралық онлайн-конференцияға қатысты

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Орталық Азия елдерінің XXI ғасырдағы мәдениеттерінің тату көршілігі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.

Аталған жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай қатысып исламдағы көршімен көркем қарым-қатынас жөнінде баяндама жасап, рухани бауырластықты нығайту қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Марат Қалижанов қонақтармен аталмыш конференцияда жүздескеніне қуанышты екенін білдіріп, жаңа дәуірде тату көршіліктің ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Жиынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 30-дан астам сарапшы мен дін қайраткерлері қатысып ортақ тарихи мұра, мәдениетаралық диалог және рухани байланысты жаңғырту мәселелерін көтерді.

Көршілес елдер арасындағы рухани және мәдени ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жиын соңында қатысушылар мәдени және діни ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру