Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Жастарға қатысты бірлескен жобалар талқыланды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.07.2025 1296 0 пікір
ҚМДБ: Жастарға қатысты бірлескен жобалар талқыланды

ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Гүлісхан Нахбаевамен кездесті.

Гүлісхан Сайфуллиновнаны жаңа қызметімен құттықтаған Бағыжан Күзекбай жастармен жұмыс бағытындағы серіктестік пен бірлескен жобалар мүмкіндіктерін талқылады. ҚМДБ Жастар ісі секторының жұмыс бағыты қазіргі заман талаптарына сай әрі өзекті екені айтылды.

Сонымен қатар, 2025 жылғы «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын әзірлеу барысында жастар арасында сындарлы диалог орнатудың маңыздылығы атап өтілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру