Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЗАНШЫЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.07.2025 5365 0 пікір
VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЗАНШЫЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Қарағанды қаласында өткен «Әдемі әуезді азаншы» VI республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Астанадан келген Базарқан Қайнар иеленді. Екінші орынды Батыс Қазақстаннан Асхат Асылбеков, үшінші орынды Алматы қаласының өкілі Баубек Берліғалиұлы жеңіп алды.

Саламат Насихатұлы (Атырау) мен Асылтемір Абдулла (Шымкент) ынталандыру сыйлығына, ал Сағындық Ахмедиянов (Ұлытау) көрермен көзайымы атанды.

Жеңімпаздарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттап, арнайы жүлделер табыстады:
1-орын – 800 000 тг
2-орын – 600 000 тг
3-орын – 400 000 тг

Ынталандыру – 150 000 тг (екеу)

Көрермен көзайымы – 100 000 тг

















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру