Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.07.2025 1733 0 пікір
ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі дін қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти  діни-ағарту жұмыстарының сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік және рухани-тәрбиелік бағыттағы рөлін күшейту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау, жастар тәрбиесі мен отбасылық институтты нығайту сынды мәселелерге  тоқталды.

Кездесу соңында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан Қарағанды облысының бірқатар имамдары  марапатталды. 

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталған дін қызметкерлері:

  1. Хумар Қоныскерей — Облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы 
  2. Бақдәулет Әбілдаев — Облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы 
  3. Назар-Махмуд Нұров — «Бала қажы» мешітінің бас имамы
  4. Серік Құрманов — «Бала қажы» мешітінің наиб имамы
  5. Орманбет Құнанбаев — «Бұқар жырау» мешітінің бас имамы
  6. Аманболды Мұқаев — «Бұқар жырау» мешітінің наиб имамы 
  7. Мұхаметғали Саликов — Саран қалалық мешітінің наиб имамы 
  8. Ербол Толтаев — «Хазрет Али» мешітінің бас имамы
  9. Ермахан Оралбай Әділбекұлы — «Әл-Ғаффар» мешітінің бас имамы
  10. Жоламан Яхияев — Осакаровка ауданы «Тоқа Байғозы» мешітінің наиб имамы
  11. Мурсали Қаленұлы Ақмағанбет — Абай ауданын Топар кенті мешітінің бас имамы 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру