Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 2 дін қызметкеріне қызметтік пәтердің кілтін табыстады.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы өкілдігінің сондай-ақ, жергілікті кәсіпкер азаматтардың қолдауымен республика бойынша 848, 849-баспана кілттері Дубовка ауылдық мешітінің имамы Ақпамбет Наурызбекке және Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің қызметкері Асылбекұлы Бекзатқа табысталды.
Өз кезегінде пәтерге ие болған азаматтар «Ел үлесі пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, аталған шараға үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.07.2025
2514
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру