Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында «Әдемі әуезді азаншы» атты VI республикалық азаншылар байқауының ашылу рәсімі өтті.
Игі шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, байқаудың мән-маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бұл байқау – азаншыларымыздың тәжірибе алмасуына, өз шеберліктерін шыңдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыруға бағытталған рухани алаң. Себебі азан – Аллаға ұнамды сөздердің ең сүйкімдісі. Қасиетті Құранда: «Шын! Мен мұсылмандарданмын», – деп, Аллаға шақыра отырып, ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады?» делінген («Фуссилат» сүресі, 33-аят)», – деді Бас мүфти.
Айта кетейік, республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқауға еліміздің барлық өңірінен іріктеуден өткен озат азаншылар қатысуда.


|




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.07.2025
1424
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру